Тобыл

Автор Administrator   
21.02.2016 г.

Стихотворение Шакена Фазылова

 

Толқынды көлбей жүзген қаз бен қуы,

Тобылдың басылған ба жазда шуы.

Басталып мөлдір бұлақ Қайрақтыдан,

Жайылған кең өңірге айдын суы.

 

Тобылға құйған нелер өзен, сала,

Аққарға, Шортанды аққан толқындана.

Иірімді бұлтарысы күміс көбік,

Көз жетпес ұзына бойы шексіз дала.

 

Жайылма, Желқуармен жайлап аққан,

Аңғары мал мен кенге шалқып жатқан.

Әйетті көрген адам тамашалар,

Тобылғы, тал, қайыңды сылдыр қаққан.

 

Жарасқан Тобыл бойы елді мекен,

Жерінің үсті дән де, астында кен.

Адамы құрыш білек, жарқын мінез,

Жастары жайраңдаған жалынды екен.

 

                                 1962 год