Тобыл. Стихотворение Серика Тургынбекова (на казахском языке)

Автор Administrator   
26.01.2016 г.

1974 год

 

Тобыл

 

Тобылғы түстес тор Тобыл,

Жағаңда сенің ерке гүл.

Қиялымды сен менің,

Қияныңа асырып,

Толқыныңа ерте біл.

Ән-жырыңды шерте жүр.

Толқыны тентек өзіңді,

Тобыл десем де болады.

Сендегі мөлдір сезімді,

Төгіл десем де болады.

ГЭС-тердің мынау күшіне,

Бағын десем де болады.

Астықты мынау алқапқа,

Ағыл десем де болады.

Маржан десем де болады

Лағыл десем де болады.

Ортайып қалған олқыны,

Орманыменен шалқытқан.

Тобылдың жуас толқыңы,

Темірлерді де балқытқан.

Айдыны мынау ақ таңдақ,

Аққу-қаздарын қалқыткан.

Моторлы қайық шапшаңдап,

Шабыттың отын шалқытқан.

Колтықтан талай демедің,

Кезде де мені малтыққан,

Өзіңе деген өлеңім,

Өзгеше болар сондықтан.