Стихи Гафу Каирбекова (на казахском языке)

Автор Administrator   
25.01.2016 г.

1954 год

 

Жолаушы неге қуанды

-Терезеден кетпейсің,

Жол ұзақ па, дос, қалай!

Шыдамың енді бітпесін,

Бір қыр асты – Қостанай.

Қүлаққа біреу айтқандай,

Әдемі, тәтті өленді.

Ыстық ең туған жер қандай,

Маңдайым жіпсіп жөнелді.

Жонына малдың жармасып,

Бидайық қалай бой дізген!

Жүгірер ме едім жер басып

Жарысып мына поезбен.

Жер танабын үйірген,

Паровоз демін басты әні!

Алдымнан аппақ үйімен,

Қостанай шыға бастады.

 

***

Түрі ұқсас екен жер мен көк,

Шақырым бойы алты жүз,

Алып бір шардың көкпеңбек

Ішінде келе жатырмыз.

Машина ағып келеді,

Адырға, дөңге тоқталмай.

Мына бір жасыл кілемді,

Бүктеп келе жатқандай.

- Жердің көгі жақсы екен –

Дедім қартка қастағы.

- Ердің көбі жақсы екен –

Деп ол сөзді бастады...

- Жыл быйылғы дегенде,

Жайлаудың орнын дән басты.

Осы бір жалпақ көлемде

Көгерді егін алғашқы...

Машина ағып келеді...

Қуғандай бойын көшенің.

Жан-жақта қалмай ереді.

Жаудырап өскен жас егін...