Стихотворение Сагындыка Мыркалиева

Автор Administrator   
01.09.2015 г.

На казахском языке

 

 

Туған жерім, Торғайым

Желің болып әрдайым,

Бұлтың болып торлайын.

Төгіоейін сел болып,

Туған жерім, Торғайым.

Бір озіңе жан-күйім,

Көлің болып шалқиын.

Төгілейін жыр болып,

Мен болайын ән-күйің.

Көл жағалай тоғайың,

Жас құрағың болайын.

Ағып шығар төсіңиен,

Бал бұлағың болайын.

Ызыңдайтын шырқап ән,

Жел борасын қырқадан.

Дауылыңмын мен сенің.

Бораныңмын бұрқаған.

Еркелейін әзір тек,

Көңілімде назым көп.

Өтейінші тек сенің,

Жадыраған жазың боп.

Шабытты жыр өзегім,

Сенің асау өзенің.

Сені жырлап өтейін,

Туған жерім, өз елім.

1962 год