Лисаков кенi

Автор Administrator   
29.08.2015 г.

Стихотворение Омара Шипина

 

Астында жердің көк темір,

Тылымсып талай жыл жатты.

Советтік адам келгенсін,

Темірдің өзі тіл қатты.

Жататын еді кен қоры,

Талай жылдар көрінбей.

Айқасса да сан адам,

Құшағын ашып жеңілмей.

Жасыл темір жарқ етті,

Шыққандай ақ түнектен.

Жатыр екен ап-ашық,

Алғандай-ақ күрекпен.

Лисаковтың жерінде,

Тау орнады темірден.

Темірді көріп тебіренін,

Күй ағылды көңілден.

Кабағына Әйеттің

Жаңа қала салынды.

Өңіріне өзеннің,

Электр шам жағылды.

Лисаковтың темірі,

Болды елге бір нәубет,

Таусылмайтын қайнардай,

Мол қазына бұл дәулет.