Науырзым (на казахском языке)

Автор Administrator   
29.08.2015 г.

Стихотворение Шайсултана Шаяхметова

 

Туып-өскен аулдың

Мен де атағын жаймақпын.

Қарағайлы Науырзым

Мақтанышы аймақтын.

Кенделік жоқ кейпінде

Сыңсыған калың қарағай.

Жолаушым, өттім дейсің бе,

Сүйсіне оған карамай?

Бой сыгаған жайраңдап,

Ақ денелі қайындар.

Жастар жүрсе сайраңдап,

Ұялтпай-ақ қойыңдар.

Жас жапырақ жамылып,

Жарым алғаш сыр ашқан.

Түн кете алмай жабығып,

Таңсәріге ұласқан,

Күн төгеді нұр шуақ.

Шомылады Ай-ғашык

Айна-көлім Ақсуат

Тыныстайық жайғасып.

Жыр сандығын жинаған,

Өтіп жүріп Торғайға

Бір өлеңін кимаған

Өкпелейміз Сырбайға.