Мендыкара

Автор Administrator   
03.08.2015 г.

Стихотворение Мариам Хакимжановой

 

Жер екен Меңдіқара жанга жайлы,

Көлі бар ортасында Қарағайлы.

Комкеріп кок орманы кестелеген,

Толқытып төбесінде көктеғі айды.

Бұл жерді талай жандар аралаған,

Айыққан ауруынан барған адам.

Тұнық қөл, таза ауа бойды елтіп,

Анаңдай ақ бетіңнен аймалаған.

Күні тұр – көк аспаннан нұрын бұркін,

Көлі тұр – таранғандай шашын сілкіп.

Жері тұр –жүрегіне жұпар шашып,

Ері тұр – секілденіп қыран бүркіт.

Меңіреу бір кездегі Меңдіқара,

Бөленген ен бақытқа енді ғана.

Одақтың ең төрінен орын алып,

Дауысыкетті алыс жерді жара.

1949 год