• Narrow screen resolution
  • Wide screen resolution
  • Auto width resolution
  • Increase font size
  • Decrease font size
  • Default font size
  • default color
  • red color
  • green color
KOSTANAY1879.RU | Костанай и костанайцы! | Портал о городе и жителях

Стихотворения Нургожи Уразова (на казахском языке)

Печать E-mail
Автор Administrator   
17.02.2016 г.

1961 год

 

Өрнекті өзен жағасы

Кеме жүзер кең арнаң жоқ,

Бірақ, маған ұлысың.

Алыстасам тек арман боп,

Елестейсің, жылысың.

Мың бұралып, толқын атып,

Шақырасың сен мені.

Самао желдей майда барқыт,

Толқын мені тербеді.

Келдім тағы көңілім тасып,

Аштың маған төсіңді.

Қалдық біздер құшақтасып,

Арманға арман қосылды.

Шымырлаған толқыныңнан,

Тудым жаным егіз бе?

Сүйе дағы қолтығымнан,

Құшағыңнан мені ізде.

 

Тобыл, Торғай өзенім бар

Тобыл, Торғай өзенім бар,

Өзенім бар көкпеңбек.

Өзен бойы өз елім бар,

Мол бақытқа жеткен көп.

Толқын, толқын тулай ағып,

Жар кемерін тебеді.

Ақындары жылда барып,

Соларды «анам!» деп еді.

Сәбит, Ғабит екі тұлға,

Екі өзеннен айнымай.

Құлаш ұрсам мен толқынға,

Олар құшақ жайды ұдай.

Ақын туған, алып туған,

Тобыл, Торғай даласы.

Дем береді талаптыға,

Шабыт берді жағасы.

 

Тобыл сені толған өзек

Тобыл сені толған өзек,

Талғажау деп қоныс еткен.

Ажал қанша құрық кезеп,

Келседағы батпай өткен.

Бұл күндерде сенің арнаң,

Ұлғайды да молықтың.

Орындалды біздің де арман,

Шат тұрмысқа жолықтым.

Сені құтты қоныс еткен,

Қостанайым-қалас бар.

Қут жағаңа ырыс еккен,

Жарқын жүзді адамдар.

Солар сенің толқыныңды,

Тап өзімдей сүйетін.

Айтсам егер бар шынымды

Басқадан бір жүйесің.

                                

 

Добавить комментарий


« Пред.   След. »

Из фотоальбома...


"Знамя октября" - газета Федоровского района


Тюшев Христофор Евгеньевич


Улица Ленина. 7 мая 1967 года

ВНИМАНИЕ

Поиск генеалогической информации

Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script

 

 
 

Друзья сайта

      Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис

Время генерации страницы: 0.255 сек.