• Narrow screen resolution
  • Wide screen resolution
  • Auto width resolution
  • Increase font size
  • Decrease font size
  • Default font size
  • default color
  • red color
  • green color
KOSTANAY1879.RU | Костанай и костанайцы! | Портал о городе и жителях
Главная arrow Творчество arrow Творчество arrow Стихи Мариям Хакимжановой (на казахском языке)

Стихи Мариям Хакимжановой (на казахском языке)

Печать E-mail
Автор Administrator   
28.01.2016 г.

1986 год

 

 

Қайран елім!

 

Қос орденді, қос қанатты Қостанай,

Ата мекен, саған келсем коңілім жай,

Сенде тудым, сенде остім, сен маған,

Көрінесің ақ сүт берген анамдай.

 

Көрем сені ыстық қүшақ ұямдай,

Жарым тогілед, көкірегіме сия алмай.

Келгенімде жас баладай қуанам.

Кетерімде қиналамын, қия алмай.

 

Қайран елім, қайран жерім гүлдеген,

Қайран халқым, қаталдықты білмеген.

Өзіңиен алған тәрбием ғой жасымда

Мейірімді, жүрегімді тербеген.

 

Қайран елім, қайран жерім, қуатым,

Салида сенің өлең-жырым туатың,

Таза ауаң, жұпар иісің, самалың,

Көқірегімиің қайғы-шерін жуатын.

 

Қайран менің жарқыраған көлдерім,

Сағынғанда аңқам кеуіп шөлдедім.

Әупілдегің көтере алмай жатқандай,

Сарғая күткен, сағынышын кеудемиің.

 

Қайран менің Тобыл сынды өзенім,

Сағынып келіп, тоғайынды кеземін.

Жастығымның бар қызыгы сенде өткен,

Келін болып, түскен жерім, өз елім.

 

Желек жауып, бетімді ашқан жырменен,

Сәлем еттім, құшағым толы гүлменен.

Ата-енемнің ақ батасын алғанмын,

Маңдайымнан сипап еді нұрменен.

 

Ақ отаудың сейде ашқанмын түндігін,

Тұнғышымның сенде кескен кіндігін.

Көрген түстей бар қызығым қысқа боп,

Арман болып артта қалды сол бір күн...

 

Ақ отаудың қапсыра сап есігін,

Таянушы ем бал бобектің бесігін.

Сегіз байлық, сегіз жарлық сексенде,

Өткендерді еске алатын күн бүгін.

 

Өткен күндер оралмайды, білемін,

Сағынғанда келіп-кетіп жүремін.

Топырағыңнан айналайын, туған жер,

Өлең арнап омырауыңа ілемін.

 

Көрем сені ыстық құшақ ұямдай

Жырым төгілед, көкірегіме сия алмай.

Келгенімде, жас баладай қуансам,

Кетерімде қиналамын кете алмай...

 

Керуен басы Қостанай

 

Қасқайып топтан озған Қостанайым,

Атынды аузымнан тастамаймын.

Керуенін миллиардтың бастап шыққан,

 

Мен неге табысыңды қостамаймын.

Мен неге қуанбаймын, шаттанбаймын,

Мен неге туған жерге мақтанбаймын.

Қызымын Қостанайдың қос қанатты,

 

Мен неге жар асылын ақтармаймын.

Мен неге өз еліме үн қоспаймын,

Мен неге шашуына жыр тоспаймын.

Аялап Қостанайдың ақ бидайын,

 

Аймалап кезек-кезек уыстаймын.

Даңқты дәнді жерім, мәнді жерім

Атыңнан айналайын, туған елім.

Құйылса заводтарда болат болып,

 

Дән болып жерден өнді мандай терім.

Сендерсің өрге өрлеткен қадамымды,

Сендерсің жорғалатқан қаламымды.

Сендерсің ракетаға қанат беріп,

 

Орнатқан айға апарып жалауынды.

 

Добавить комментарий


« Пред.   След. »

Из фотоальбома...


АО "Большевичка"


1959 год. Кафе-автомат


Сулукольский овцесовхоз

ВНИМАНИЕ

Поиск генеалогической информации

Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script

 

 
 

Друзья сайта

      Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис

Время генерации страницы: 0.201 сек.