• Narrow screen resolution
  • Wide screen resolution
  • Auto width resolution
  • Increase font size
  • Decrease font size
  • Default font size
  • default color
  • red color
  • green color
KOSTANAY1879.RU | Костанай и костанайцы! | Портал о городе и жителях
Главная arrow Творчество arrow Творчество arrow Стихотворения Сырбая Мауленова (на казахском языке)

Стихотворения Сырбая Мауленова (на казахском языке)

Печать E-mail
Автор Administrator   
21.09.2015 г.

1957 год

 

Торғайдағы тойлы күн

Ашып, аспан айданынан күн құшақ,

Көп жалаулар көтерірді гүлге ұқсап,

Қыр басына қызыл отау тігілді

Кең далада ойнады аттар дүбір сап,

 

Ерте тұрып кәрісі де, жасы да,

Бүкіл Торғай басын қосқан осында.

Баяғыша жүр Жанкелдин Әліби,

Аманкелді күлімдейді қасында.

 

Жиналған жұрт Октябрьдің тойына,

Кетті симай Торғай өзен бойына,

Қарт партизан комиссарға қарайды,

Өткен күндер түсті ме екен ойына?

 

Болмайды енді ол күндерді ойға алмай,

Тойлы күні тебіреніп толғанбай,

Сол күндердің арқасында айналып,

Арман құсы алақанға қонғандай.

 

Өлген жандар оқ бұрқаған жалында,

Жата алмай құлазыған қабырда,

Түрегеліп атқа қайта қонғандай,

Бүгінгі күн Октябрьдің таңында.

 

Күн де шықты жалаулардай жалындап,

Тұр парадты Аманкелді қабылдап,

Бір топ бала атқа қонды торғайдай,

Маңдайларын орамалмен таңып ап,

 

Тумен толқып қызыл теңіз тұр алап,

Жел де енді жерге түсті тына қап,

Митингіде сөйлеп өтті Жанкелдин,

Қырық жылдықтың қырқасынан бір қарап.

 

Даяшылар кетті аттарлы айдаған,

Бір шетте жұрт аударыспақ ойнаған,

Шықты ауылдың палуандары маң басып,

Шекпеніне қыл шылбырды байлаған.

 

Саспайтұғын әдетімен дағдылы,

Аманкелді атып жатты жамбыны,

Аттың шаңы көрінеді алыстан,

Соған қарай елеңдейді барлығы.

 

Ашып аспан айдынынан күн құшақ,

Көп жалаулар көтерілді гүлге ұқсап,

Тойлы күні өтіп жатты Торғайдың,

Кең далада ойнады аттар дүбір сап!

 

Тобыл

Жағасы көк пұліштей,

Төсінде тентек мың бұлақ.

Сылдыр-сылдыр күмістей

Барады Тобыл сыңғырап.

 

Жайқалады егін мен

Қостанайдың қойнауы,

Сондықтан көк көрінген

Сұлу Тобыл бойлары.

 

Жағасында Тобылдың

Жарқыраған жаңа от бар.

Өзіндей ұлы өмірдің

Жалынын атқан заводтар.

 

Құшақтайды алыс даланы

Төсінде байлық әралуан.

Тербеле Тобыл ағады

Шойын мен оттан жаралған.

 

Жарқол бойын жағалап

Тұрды ертемен көк тұман,

Соқты кейін жел үзбей.

 

Жел көтеріп толқыған,

Жаркөл жайқын теңіздей.

 

Жерге иіп бастарын

Суылдаған қамысы.

 

Жыртыла ұшқан құстардың,

Шуылдаған дауысы.

 

Жел қанатын қағады,

Сазына сап не күйдің.

 

Толқынменен ағады,

Көлеңкесі көп үйдің.

 

Жатыр солай көл күліп,

Тауып жаны қанағат.

 

Келеді бір қыз, бір жігіт,

Жаркөл бойын жағалап.

 

Толқиды ойнар толқындай

Біріне-бірі бассалып.

 

Толқиды ойлар айтылмай,

Көздерден көздер жасқанып.

 

Көл бетінде қалқыған

Тұңғиық гүлдей сап-сары.

 

Ұяңсың неткен, япыр-мау,

Адамның балғын жас шағы.

 

Толқиды ойлар толқындай

Толқыны жанның қат-қабат.

 

Толқиды ойлар айтылмай

Толқиды терең махаббат.

 

Тілдеспей олар көп жүрді,

Көл айнала ойланып.

 

Махаббат шіркін со ғұрлы,

Жайылды терең бойды алып.

 

Жалғаншы кейде сөз деген,

Тағдыры оның бір кештей.

 

Ұғысып жанды көзбенен,

Сүйіссе екен тілдеспей.

 

Шық тезірек қалқашым

Жалқынданып күн батар,

Ай да туар нұрланып.

Біреу сезіп тіл қатар –

Шық үйіңнен ұрланып.

 

Жасыл гүлдер арасы,

Жайқалады жас тал да.

Табиғаттын ауасы

Құйылады жас жанға.

 

Сыбыр-сыбыр жел мынау,

Сылдыр-сылдыр су мынау.

Дала тоқсан күйімен,

Қағып жатыр қонырау.

 

Соның бәрін көргенде,

Жан ләззәты тарқасын.

Терезене ай төнгенде,

Шық тезірек қалқашым.

 

Сұрақтар мен жауаптар

Болды кыздың сауалы:

-Көкте болсан не етер ең?

Мынау жігіт жауабы:

-Сені куып жетер ем.

 

Болды жігіт сауалы:

-Жел болсан сен не етер ең?

Мынау кыздың жауабы:

-Сені желпіп өтер ем.

 

Болды жігіт сауалы:

 -Бұлбұл болсаң не етер ең?

Мынау  кыздың жауабы:

-Сені жырлап өтер ем.

 

Бітті сұрақ, жауап та

Қалды ұнсіз бір кезең.

Тұрды екі жас қабақта,

Ағып жатты сырлы өзен.

 

Бір жасайтын болалық

Су сыбырлап барады,

Сыбырының сыры бар.

Жұлдыз зулап ағады,

Тоқтамайтын түрі бар.

 

Жастық дәурен барады,

Алды-артына қарамай.

Жарық жұлдыз ағады,

Қол созымын баладай.

 

Ағып жұлдыз, зулап жел,

Жеткізбесі ол анық.

Бұл ғұмырда, бұраң бел,

Бір жасайтын болалық.

 

Добавить комментарий


« Пред.   След. »

Из фотоальбома...


Мурзатов Ковали


Отрощенко Николай Александрович


Набойченко Борис Григорьевич

ВНИМАНИЕ

Поиск генеалогической информации

Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script

 

 
 

Друзья сайта

      Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис

Время генерации страницы: 0.214 сек.