• Narrow screen resolution
  • Wide screen resolution
  • Auto width resolution
  • Increase font size
  • Decrease font size
  • Default font size
  • default color
  • red color
  • green color
KOSTANAY1879.RU | Костанай и костанайцы! | Портал о городе и жителях
Главная arrow Творчество arrow Творчество arrow Стихи Гафу Каирбекова (на казахском языке)

Стихи Гафу Каирбекова (на казахском языке)

Печать E-mail
Автор Administrator   
07.09.2015 г.

1970 год

 

Қостанайға сәлем!

Қостанай, айналайын ауаңнан мен,

Жаныма әсер етпес баламнан кем.

Сол үшін сонша жерден ұшып келіп

Татамын дос ұсынған тағам-дәмнен.

 

Жолы алыс Алматымең екі араның,

Екеуі екі шеті сахараның.

Сағынам сағат сайын өзіңді мен,

Қалайша ол мезгілде жете аламын?

 

Білмейді жақын жүрген қадіріңді,

Мен болсам сарқып біттім сабырымды,

Алысқа шашыраған, арман бар ма

Сағыгсаң сен де осылай әр ұлыңды!

 

Жарықтық жатыр екен Тобыл тасып,

Толқыны баяғыдай көбік шашып,

Сүйеді Қостанайдың қос бүйірін

Баладай ерке тотай келіп қашып,

 

Қиналдым бір әлсіздік жасап алып,

Көзіме еріксізден жас оралып,

Сан жылдар еске түсті-ау самсап бәрі,

О, шіркін, кісі едік қой осы аралық!

 

Жә, жетер, назы ғой бұл бір перзенттің,

Жанымды сені көріп бір тебіренттім,

Алыста сағынатын жан болмаса

Деген бар «ел де жетім, жер де жетім».

 

Бұл өлең туып кеткен толғанған соң,

Не шара ақындықты қолданған соң.

Жырыммен бар туысқа сәлем айттым,

Дәм солай, уақыт солай болғаннан соң.

 

***

Туған жер, асыл Қостанай,

Самал жел, жасыл Қостанай,

Жетпеген шалғай тастамай

Даңқыңды асыр, Қостанай!

Енді бір кеуде керіп мен

Мақтанар болсам, Қостанай,

Демейді ешкім неліктен?

Қалмайдыпенде қостамай.

Миллиард деген даңқтың

Үштен бірісің, Қостанай,

Япырау неткен алыпсың,

Неткен ірісің, Қостанай!

Айналдым сенен, туған жер,

Берші бір жомарт қол, кәні,

Жырлайтын жырды маған бер,

Астығың, болса болғаны!

Бауырлар, достар, келіңдер,

Екенсің нағыз ерлер шын,

Менің туған жеріме,

Абырой берген сендерсің.

Рахмет саған, туыстар,

Үлесін Күн мен қосқан Ай.

Жеңімпаз туды нық ұстар,

Елім бар менің Қостанай,

Қостанай аман тұрғанда,

Құттықтар мені дос талай!

 

Добавить комментарий


« Пред.   След. »

Из фотоальбома...


Бейлов Павел Степанович


Алпысбаев Шаяхмет


На память

ВНИМАНИЕ

Поиск генеалогической информации

Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script

 

 
 

Друзья сайта

      Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис

Время генерации страницы: 0.232 сек.