Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке) |
![]() |
![]() |
Автор Administrator | |
30.08.2015 г. | |
1960 год
Орындалмаған арман Бағасын білемісің ата-ананың, Сен үшін аямаған қолда барын. Мәпелеп алдына алып, өсірді олар, Жолыңа сарп етіп шыбын жанын. Қуанды езу тартып күлгеніңе. Қуанды апыл-тапыл жүргеніңе. Қуанды ақ-қараны білгеніңе. Жетелеп алып барды мектебіңе, Сүйсініп кітап ұстап кеткеніңе. Кешіксең уақытыңнан минут санап, Мен куә өміреніп күткеніне. Кездескен тар замана еркелетпей, Ата-анаң оқымаған шаруа жетпей, Ауқаты өзгелерден төмен болып, Ауылдас ағайынға атйканы өтпей. Таң атып, күн шыққанда Октябрьден, Әкең де елмен бірге бас көтерген. -Егерде перзент көрсем соңыма ерер, Армансыз оқытам, - деп сөзін берген. Сонда сен орындалған тілегі едің, Дәмелі болашағы – тірегі едің. Тигізбей жаз ыстыққа, қыс суыққа, Өсірген бауыр еті-жүрегі едің. Балалық, бақыты кұн тәмәм болды, Есейіп он жетіге жасың толды. -Жас қой – деп, сондадағы еркелетіп. Үйретіп отыратын оңды-солды. Менсінбей мектебіңді кеттің тастап, Жігіттің қылан-сылаң өнер бастап. Әкеңнің бар табысын өзің жұмсап, 20-ға жетіп келдің көше ластап, Бас ауырып, көзің талды кітап алсаң. Жалықпай екі аяғың баққа барсаң. «Фокстрот», «Танго», «Вальс», «Буги-вуги», Уақытың өтті-кетті әуре-сарсаң. Сорлы әкең көнді бұған амал бар ма. Өшіктің ақыл айтқан адамдарға. Өзің жоқ, құр көлеңкең көлбең дедің. Секіріп тау текедей жардан жарға Ата-анаң күдерлерін әлі үзбеген. Қақпалап саған салқын тигізбеген Белгісіз кім боларың басқа жұртқа. Сенделіп рахат қайда сен іздеген? Сын көзбен өміріңе қарамадың, Далақтап әр жердерді араладың... Жұргенде бірін бастап, бірін тастап, Өткенін неше жылдың санамадың. Оралмас енді саған өткен жылдар, Әкеткен өзіменен сансыз сырлар. Ел-жұртың, ата-аңаңа пайда тимей, Сенделіп асып жүрсің ой мен қырлар. Арманы сеңен күткен орындалмай, Қажыған олар енді еңбек жанбай. Ой, мақсат көрген түстей ұйқыдағы, Болған соң сен тұрлаусыз жазғы қардай, Азамат, дүниеге неге келдің. Келген соң біл бағасын туған елдің. Ата-анаң, туған елің пайда алмаса, Тумағаны көп жақсы сендей «ердің»! 6 января 1960 года
Сыр Өмір әсте ескертпейді өткенін, Байқамаппын жастың ұзап кеткенін. Кеше ғана жеңіл-желпі жұрген күн, Бүгін білдім отыздың да жеткенін Бұдан бұрын алға ұмтылдым жас санап, Өтті күндер қаракөз бен қас қарап. Енді өкинем, неге асықтым сол кезде, Мына қырық қояр емес баспалап. Демен бірақ көңілімді басты мұң Жадыратар серпіп ойды жас жырым Өкінбеймін өлеңімнің өңінде Қалса болды жалын атқан жастығым. 3 апреля 1960 года
Тарих беті Тағы бір бет ашылды, Тарихи өмір кезеңнен. Ғылымнан шашу шашылды, Айға да жеттік безенген. Айды сұлу-деуші едік, Ойланып енді көрерміз. Күнді күшті-деуші едік, Оған да баға берерміз. Болашаққа сенеміз. Отанымның теңі жоқ, Ғылым менен байлықтан. Ерліктің бізге шегі жоқ, Ісіміз жоқ қаймыққан. Аспан, су, жер тыңдарын, Жүздік кезіп балықтай. Бейбітшілік ұранын, Ұстап қолда жалықпай. Жетіжылдықтың бір жылы, Өзгертті елдің келбетін. Ғасырлар сыры сыйғандай, Біз ашсақ тарих бір бетін. 10 апреля 1960 года |
« Пред. | След. » |
---|
Главная |
Костанайская область |
Новости |
Старая газета |
Костанайский футбол |
Творчество |
Ссылки |
Контакты |
Карта сайта |
15 марта, 2025 @11:05 : Алексей Бибин ... by arman |
15 марта, 2025 @11:04 : 1987 год. Б.Жагаутдинов, В.Лесничий, В.Хрептик и А ... by arman |
15 марта, 2025 @11:02 : 1987 год. Куантай Муканов. Совхоз «Бестауский». Фо ... by arman |
15 марта, 2025 @11:01 : Секретарь парткома хозяйства Александр Иванович Ра ... by arman |
15 марта, 2025 @10:58 : Кайрат Ещанов, Джангильды Хамитбеков, Жанабай Абдр ... by arman |
Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис, Михаил Черняев