Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке) |
![]() |
![]() |
Автор Administrator | |
26.08.2015 г. | |
1958 год
Ленинград жырларынан Нева Көрдім де Нева саған болдым ғашык, Ауанды жұттым еркін кеудемді ашып. Жағанда жүрдім жандай өзім қожа, Көрменен өміріңде жаулар басып. Аққан су мұз аралас жылы тартып, Елігіп, қиялданып денем балқып, «Бойыңда сан алуан сырлар бар-ау, Ойладым мұздарыңдай өткен калқып».
Ленинградка Барсам да 40 жыл соң Октябрьден, Болса да қанша қашық іргең бізден. Бірге туған жақындай Ленинград, Көркіңнен күн сәулелі күдер үзбен. Оятқан жұртпен бірге қазақ халқын, Сол себеп тудын бірге болдың жакын. Тұрғандай ұлы көсем Смольныйда, Көрсетіп болашақтың жолын айқын. Торланып талай жаулар түйді қабақ, Бәрі де ұмтпастай алды сабақ. Жылдардай сырларың бар минуттарда, Көтеріп тарихыңда ашса қарап. Ленинград қаласы, апрель 1958 ж.
Ауылыма Түймедей дөп-дөңгелек Бозшакөлім, Жарасып кабағына қонған елім. Сан көріп, сан шомылып жүрсемдағы, Тоймаспын кызығыңа туған жерім.
«Жыланды», «Коскөлдерің» маңайыңда, Ежелден қоныс болған ағайынға, Туған жер аяң бейне алтын бесік. Мен іздеп сенен артық табайын ба.
«Шиелі», Қарашілік ауылдарым, Мақтайды әркім айтып қолда барын. «Бозшакөл», «Соналы» мен «Қызылтуым» Бір туған бәрі өзімнің бауырларым.
Шұбартып алаптарлы мал қаптаған, Игердің тың жерлерді жан баспаған. Ежелден еңбек сүйген туған елім, Истерің құтты болсын алға аттаған,
Көп сырлы өмірің бар қалған артта, Ақыз кып, айтар оны, жас та қарт та. Тағы бір сыннан өтіп, атың шығар, Миллиондап үлес косып миллиардқа.
Сонда бір ашар едім сырларыңды, Сыйпаттап ойың менен қырларынды. Ақтауға ақ сүтіңді жетсе күшім, Арнармын сан алуан жырларымды.
Қутты болсын адымың Онжылдықты бітірген, Міне біздін ініміз. Класы жоқ кідірген, Жоқ тағатын мініміз.
Ендігі беті өндіріс, Арызын жазып беіпті. Аттестаты кілең бес Өңіне ажар еніпті.
Құтты болсын адымың, Сүйенішім інішек. Түспесін колдан каламын, Оқудан әлде болма шет.
Бақыт, қазна оқуда, Өзің де білдің асылын. Енді өмірден оқы да. Ұғын терең бар сырыи. 30 мая 1958 года |
|
Последнее обновление ( 26.08.2015 г. ) |
« Пред. | След. » |
---|
Главная |
Костанайская область |
Новости |
Старая газета |
Костанайский футбол |
Творчество |
Ссылки |
Контакты |
Карта сайта |
15 марта, 2025 @11:05 : Алексей Бибин ... by arman |
15 марта, 2025 @11:04 : 1987 год. Б.Жагаутдинов, В.Лесничий, В.Хрептик и А ... by arman |
15 марта, 2025 @11:02 : 1987 год. Куантай Муканов. Совхоз «Бестауский». Фо ... by arman |
15 марта, 2025 @11:01 : Секретарь парткома хозяйства Александр Иванович Ра ... by arman |
15 марта, 2025 @10:58 : Кайрат Ещанов, Джангильды Хамитбеков, Жанабай Абдр ... by arman |
Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис, Михаил Черняев