• Narrow screen resolution
  • Wide screen resolution
  • Auto width resolution
  • Increase font size
  • Decrease font size
  • Default font size
  • default color
  • red color
  • green color
KOSTANAY1879.RU | Костанай и костанайцы! | Портал о городе и жителях
Главная arrow Творчество arrow Творчество arrow Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке)

Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке)

Печать E-mail
Автор Administrator   
18.08.2015 г.

Опубликовано в 1997 году

 

 

Келген соң адам болып дүниеге...

            Марқум Қауаз Тәжімакиннің дүниеден озғанына да төрт жыл болып қалыпты. Күні кеше ғана арамызда аңқылдап жүрген Қақаң кезінде түрлі жауапты қызметтер атқарған ақкөңіл де қарапайым аяулы азаматтардың бірі еді. Тірі жүрсе бүгінде  70 жастқа толар еді. Қақаң өлеңдерін ара-тұра газетімізге де ұсынып тұратын. Бүгін біз марқұмды еске ала отырып, бұрын газетімізде жарық көрмеген бір топ өлеңін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

 

Өмір-өрім

Жарасып, сыйластықпен «жаным» деген,

Жақсыдан аямайтын барымды мен.

Ғашықпын жарқын жүзді адамдарға,

Солардан болашақтың таңын көрем.

Қар жауып қабағынан кейбір адам,

Сұстанып айсыз түндей тұндыраған.

Таусылып сәл нәрсеге, жаны жүдеп,

Еңсесі төмен түсіп қалжыраған.

Келген соң адам болып дүниеге,

Білген жөн дәіріңнің күйі неде.

Жалт еткен жай отындай өміріңде,

Байлықты бұл жалғанның сыйы деме.

Мейманбыз келген аз күн жер бетіне,

Уақыттың бесігінде тербетіле.

Ей достар, адалдықты қастерлейік,

Сән беріп мына өмір келбетіне.

 

Құрбыларға

Теңеу жетпес қатар өскен құрбыға,

Тек солар ғой сені тындар сырды ұға.

Жарқын көңіл, адал ниет жандары,

Тебірентіп, тұтатын жырды да.

Жаңарғанмен өсіп қала, ауылдар,

Өзгермейді құрбы-құрдас, бауырлар.

Алдың сиреп, артың өсіп жауқазын,

Өмір жүгің жылдан-жылға ауырлар.

Кезең келер өткен жолға көз салар,

Өткен жолдың өткелімен тозса олар.

Жаны таза бәрібір сол құрбылар,

Жайраң қағып, бақ күткендей қарсы алар.

Өтсе өмірден туысымыз зарладық,

Нәрестеге өмір, бақыт арнадық.

Ұсақ-түйек дүниенің маңында,

Кейде өкпелеп сағынсақ та бармадық.

Құрбыларым, безбеңдер тек бауырдан,

Қанаттаным өмірге ұшқан ауылдан.

Табиғаттың қасиетті заңы бар,

Көп көтерсе қаймықпайды ауырдан.

 

***

Болуға тырыс талпынып,

Асылдардың көзіндей,

Кездейсоқпен достаспа,

Асылдығын сезінбей,

Кеуде соғып көпірме,

Жан жоқтай басқа өзіндей.

 

***

Деген бар «асыл-тастан, ақыл-жастан»,

Салмақты сал өзіңе ерте бастан.

Өмірге жеңіл-желпі қараған жан,

Жолығар қиындыққа қапылыстан.

 

***

Көргендердің ғибраты, -

Ұланасыр мереке.

Жақсылардың ұлағаты –

Өнеге үшін береке.

 

***

Өтерінде күмән жоқ,

Өмір бірақ, болжаусыз.

Жүрген жандар құлқын тоқ.

Уақытты алар толғаусыз.

 

Анама

Өзің едің ақ сүт беріп өсірген,

Жаза бассам қатемді де кешірген.

Жүрегіме батты қайғын, анажан,

Аяулы атың шықпас мәнгі есімнен.

Үзілді үміт, мұн орнады жүрекке,

Жете алмадым ойымдағы тілекке.

Кең дүние қас қағымда тарылып,

Көзден жасым сорғалады иекке.

Қимадың ба дүниеден өтерде,

Енді мұным айтқанменен жетер ме?

Естімедім ақтық сөзді аузыңнан,

Өкінішім өзегімнен кетер ме?!

Қош бол, ана есіміңнен айналдым,

Өзінді аңсап бос ауаны қармандым.

Сағынғаннан қайғы толып жүрекке,

Осы өленді нұр-бейнеге арнадым.

 

Қайта оралар жастыңым

Хайдолла Тілемісовке

Тай-құлындай тебісіп,

Қатар өскен бауырым.

Жүрдік мәңгі сенісіп,

Болса да алыс ауылым.

Досым келе жатқандай,

Қурдастарменойнасам,

Жүрек бірге соққандай,

Өткен күнді ойласам.

Сәби көрсем балдырған,

Сені ойлаймын тағы да.

Жүрегімді жандырған,

Кетем бала шағыма.

Тұрғандаймын сенімен,

Көре қалсам жастарды.

Саған құштар көңілден,

Ықыласым басталды.

Өткен күндер армансыз,

Күліп ойнап теңімен,

Қайта оралар жастығым,

Кездескенде сенімен.

 

***

Ана қымбат кәріге де, жасқа да,

Ана мейірімін сезбес қара тас қана.

Ана алдында бәріміз де бірдейміз,

Ол теңгермес нәрестесін басқаға.

Ана пейілі асыл қазына тоймайтын,

Ана берді бізге сана ойлайтын,

Кең дүниедей елестейді бұл өмір,

Сол ананың қуанышын тойлайтын.

 

Ойлар

Ой алтау, ақыл жетеу бір басымда,

Сырласар жанашырым жоқ қасымда.

Жоқ болсаң, жамаң туыс жат болады,

Бұл күнде осы жағдай өз басымда.

Кеше дос, бүгін алыс туыстарым,

Көздейді көбі өзінің тұрмыстарын.

Жай көзге дүние сыры білінер ме,

Көрмесең анау-мынау бұрылыстарын.

Барында қолда дүние әркім мырза,

Алғанда дос-дұшпанның бәрі риза.

Бақ тайып, басқа іе түссе қапелімде,

Жалған дос, жаман туыс бермес пайда.

 

Опубликовано в областной газете «Қостанай таңы» 20 мамыр 1997 ж.

 

Добавить комментарий


« Пред.   След. »

Из фотоальбома...


Гопгов Осман Магометович


Железнодорожная больница


Делегаты III губернской конференции РКСМ (26-30 апреля 1923 г)

ВНИМАНИЕ

Поиск генеалогической информации

Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script

 

 
 

Друзья сайта

      Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис

Время генерации страницы: 0.272 сек.