• Narrow screen resolution
  • Wide screen resolution
  • Auto width resolution
  • Increase font size
  • Decrease font size
  • Default font size
  • default color
  • red color
  • green color
KOSTANAY1879.RU | Костанай и костанайцы! | Портал о городе и жителях
Главная arrow Творчество arrow Творчество arrow Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке)

Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке)

Печать E-mail
Автор Administrator   
12.08.2015 г.

1980 год

 

Беиімбет Майлин атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі Қауаз Тәжімақің

            СССР Журналистер Одағының мүшесі Қауаз Тәжімақіннің есімі газет оқушыларына жақсы таныс. Ұстаз ақын жырлары 1943 жылдардан бері баспазөз бетінде жарияланып келеді. Ол Москва қаласындағы Жоғарғы комсомол мектебін және Жоғарғы партия мектебінің журналистика факультетін бітірген. Қазір Қостанай механико-технологиялық техникумының директоры.

            Қауаз Тәжімақің қазақ хал қының қасиетті дәстүрлерінің бірі – айтыс өнерін дамытуға да қызу ат салысты. Ол Қостанай облыстық бірінші ақындар айтысында жүлделі үшінші орынға пе болды.

            Газетіміздің бүгіні санында автордың бірнеше өлеңін жариялап отырмыз.

 

Ленин

Ленин десе, көмейден жырлар ұшар,

Ленин десе, қыран-ой көкті құшар.

Ленин десе, күлімдеп бүлдіршіндер,

Ленин десе, қайтадан жасарар шал.

 

Ленин десе, табиғат қайта түлер,

Ленин десе, жарқырар келер күндер.

Ленин десе, қара бұлт қак айырылып,

Ленин десе, аспанда күн күлімдер.

 

Ленин десе, бір түлеп туған жерім,

Ленин десе, бір жасап калады елім.

Ленин десе, елжіреп ет-жүрегім,

Ленин десе,  толады көкірегім.

 

Алтын ұям

Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атыңдағы мектепке

Сәби едім есігінді ашқанда,

Тұңғыш сенің босағанды басқанда.

Көңілге зер, жүрекке әсер бердің сен,

Бала киял тау суындай тасканда.

Сен ұқтырдын касиетін өмірдің,

Сенен алдым деректерін өнірдің.

Сен арқылы сана-сезім оянып,

Сенде туды жылы ұміті көңілдін.

Сенің нәрің бойға сініп, көктедім,

Өзіңде өтті балауса өмір – көктемім.

Күмбезіне күміс шеге болсам мен,

Армансызбын, айналайын мектебім.

Талай шәкірт алды сенен куатын,

Қазынаң мол келешекте туатын.

Ленин ашкан мөлдір бұлақ арқауың

Халқым үшін ортаймайтын суатым.

Мыңдаған жан сусындаған мектебім,

Мен де сенен қанаттанып кеткенмін.

Үлкен мерей сенен шықкан шәкіртке

Еңбегіңмен зор бағаға жеткенін.

Алдында бар талай асу асатын,

Жаңа табыс жақсы атақка косатын.

Жас нәресте қолын созған гүліңе,

Үміті бар болашактан тосатын.

 

Балаларым

Болашак сүйенерім – балаларым,

Бақытым, бар байлығым, колда барым.

Арым, жаным, барым да сендерсіңдер,

Өздеріңе аян жыр толғағаным.

Дүниеде елсіз туған жоқ кеменгер,

Ризамын көпке сыйлы болсаң сендер.

Бастауы бар бақыттың семьяда,

Ол тұнық болу үшін сөзге ермеңдер.

Айтылған сөздің бәрі акыл емес,

Іштарлық, ашу жанға жақын емес.

Ак көңіл, адал ниет өрге сүйрер,

Ұғыңдар жаксы жандар берсе кеңес.

Жүрсендер камкоршы боп бір-біріне,

Көркейіп, жасарармыз біз де бірге.

Досынды асығыссыз ақылмен тап,

Болаттай мыкты болсын косқан ірге.

 

Өлең

Жүректе от, санада ой сөнбейді,

Бірақ ұйқас сүйрелеуге көнбейді.

Шабыт келіп, толықсымай асау жыр,

Қандай акын болса да еңбек өйбейді.

Келсе бірде жазғы нөсер жауындай,

Келер кейде даладағы дауылдай.

Өлең-өнер, қағаз-қалам-қаруы,

Биіктігі Гималайдың тауындай.

 

Білдірдің сен

Білдірдің сен терең сырды көзіңмен,

Жүрек жанып, ерікті алдың сөзіңмен.

Бойым балқып, күйіп-жанып барамын,

Ғашық оты жанғандығын сезінем.

Сұлулығың зергер соққан оймактай,

Жарасымды еркелесең ойнақтай.

Тал шыбыктай тал бойында мінің жоқ,

Тазалығын жана алынған қаймактай.

 

Кавказ

Ак жалдар арпалысқан аспанымен,

Кавказға тең көрмеймін басқаны мен.

Мүлгіген биік шындар сыр ашқандай,

Тілдесіп аскар таудың дастанымен.

Жылантау, Машук, Бештау катарласып

Тұрғандай Эльбруспен хабарласып.

Көгілдір көкжиекті бұлт басқанда

Кеткендей жер мен аспан арасалып.

Табиғат берген оған ерекше өнін,

Кестедей келістіріп ой мен дөнін.

Кумістей төбесінде ақшақары,

Кілемдей етегінде жасыл шөбін.

Нәр алып мәнгі мұз бен тас бұлактан

Сайында бұлақтары сыңгыр каққан.

Өзгеше оның-дағы мінезі бар,

Тасыса тау басынан тас кұлатқан.

 

Төрт жолдар

Бала – бақыт, табиғаттың гүліндей,

Бала – коктем өмірге енген кулімдей.

Бала – мақсат, сырлы өмірдің өлшемі,

Есептетер өткен күнді білінбей.

 

***

Жылы лебіз балкыткандай темірді,

Жаксы қосар алыс-жақын өңірді.

Жүзі жарқын, кеңілі көктем азамат

Жолдас болса ұзартады өмірді.

 

***

Мылжын сөз асыл ойдың мәнін алар,

Жаман жар үй үшінің сәнін алар.

Дуниенің ең асылы, сақтай білсен.

Жүректі жарып шықкан әнің болар.

 

***

Адам болса, ары болса болғаны,

Суйіп алған жары болса болғаны.

Шамаламай өмірдегі өлшемін

Шалқактаса – ол адамның толғаны.

 

***

Сырын білмей суға түссең, бойлама,

Көрінгенмен жарбаңдасып ойнама.

Әзіл-калжың жарасымды жастарға,

Бұл тілекті кызғаныш деп ойлама.

 

***

Кунбе күн кұмарлығым барады үстей,

Калмайсын сағат сайын еске түспей.

Кұмарым бұл дүниеге басылар ма,

Қазір, міне жастык шақ көрген түстей.

 

***

Не кымбат бұл дүниеде, бақыт кымбат,

Кол жетпей жүрген жанға акық кымбат.

Кызығы бұл жалғанның толып жатыр,

Солардың бәрінен де уақыт кымбат.

 

***

Жыл келді тағы да бір езу тартын,

Уақыт өтіп жатыр будай шалқып.

Дария өмір деген ойлап тұрсак,

Бетінде біз бір жаңка жүрген қалкып.

                 14 августа 1980 года

 

Добавить комментарий


« Пред.   След. »

Из фотоальбома...


Городская больница. 1984 год


Кондитерская фабрика


Козлов Михаил Васильевич

ВНИМАНИЕ

Поиск генеалогической информации

Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script

 

 
 

Друзья сайта

      Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис

Время генерации страницы: 0.211 сек.