Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке) |
![]() |
![]() |
Автор Administrator | |
05.08.2015 г. | |
1986 год
Құрбыларға Теңеу жетпес катар өскен құрбыға, Саған баға беретұғын сол ғана. Адал ниет, жарқын көңіл арнасы, Одан артық күтпе өмірден сыбаға. Жаңарғанмен өсіп қала, ауылдар, Өзгермейді құрбы-құрдас бауырлар. Алдың сиреп, арттан өсіп жауқазын. Өмір жүгің жылдан-жылға ауырлар. Кезең келер өткен жолға қөз салар, Сын салмағы жылдан-жылға молаяр. Ел бағалап, еңбегіңді елесе, Таразысы салмағыңның сол болар. Өтсе өмірден туысымыз зарладық, Нәрестеге өмір, бақыт арнадық. Ұсақ-түйек дүниенің маңында, Кейде өкпелеп сағынсак та бармадық. Құрбыларым, айырылмандар бауырдан, Қанаттанып, өмірге ұшқан ауылдан. Табиғаттың қасиетті заңы бар, Көк тіреген қайыспайды ауырдан!
Қастерлейік өмірді Жарассын, жараспасын «жаным», - деген, Жақсыдан аямаймын жанымды мен. Ғашықпын жаркын жүзді адамдарға. Солардан болашақтың нұрын сезем. Кар жауып қабағынан кейбір адам, Сұстанып айсыз түндей салбыраған, Жақтамай, жамандамай не көрсе де, Еңсесі төмен түсіп қалжыраған. Ей, адам, келгеннен соң дүниеге, Білсеңші бұл дәуірдің күйді неде. Жалт еткен жәй отындай өміріңде. Мал байлығы жалғанның сыйы деме. Қонақпыз келген аз күн жер бетіне, Жалғасқан ата-бата, ел шетіне, Сол себеп, бұл өмірді қастерлейік, Сән беріп, жер мен аспан келбетіне.
Ой тамшылары Жастарға құлақ асар айтар сөзім, Ден қойып, көкірекке алса сезүм. Жасында босқа өткізбе уақытты, Жеткенше жиырма беске алтын кезің. Болуға тырыс талпынып, асылдардың көзіидей, Кездейсоқпен дос болма, адалдығын сезінбей. Бір жақсы іс тындырмай кеуде соғып көпірме, Бұл жалғанда жан жоқтай тағы басқа өзіндей.
*** Деген бар «асыл тастан, ақыл жастан», Салмақты сал өзіңе ерте бастан. Өмірге жеңіл-желпі караған жан, Жолығар күтпегенге капылыстан.
*** Көргендінің ғибраты, Кездесу бір мереке, Жақсыменен бас қоссаң, Ісіңде болар береке.
*** Өтеріңде күмән жоқ, Өмір бірақ болжаусыз, Өз құлқынын көздеген, Өтіп кетер олжасыз. 22 июня 1985 года |
« Пред. | След. » |
---|
Главная |
Костанайская область |
Новости |
Старая газета |
Костанайский футбол |
Творчество |
Ссылки |
Контакты |
Карта сайта |
15 марта, 2025 @11:05 : Алексей Бибин ... by arman |
15 марта, 2025 @11:04 : 1987 год. Б.Жагаутдинов, В.Лесничий, В.Хрептик и А ... by arman |
15 марта, 2025 @11:02 : 1987 год. Куантай Муканов. Совхоз «Бестауский». Фо ... by arman |
15 марта, 2025 @11:01 : Секретарь парткома хозяйства Александр Иванович Ра ... by arman |
15 марта, 2025 @10:58 : Кайрат Ещанов, Джангильды Хамитбеков, Жанабай Абдр ... by arman |
Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис, Михаил Черняев