Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке) |
![]() |
![]() |
Автор Administrator | |
03.08.2015 г. | |
1987 год
Б.Майлин атындағы облыстық әдебиет бірлестігің мүшесі Қауаз Тәжімақин Жас күнінің сақтаған нұр, қуатын Қауаз Әлмағанбетұлы Тәжімақин – облысымыздағы көптен танымал ақындардың бірі. Кезінде бірнеше рет облыстық ақындар айтысына қатысқан. Соңғы өткен облыстық айтыстарда ұйым дастыру комитетінің мүшесі, төрешілер алқасының председателі болды. Қауаз Тәжімақин Б.Майлин атындағы облыстық әдебиет бірлестігінің бюро мүшесі. Ол облысымызда жас ақындарды тәрбиелеуге де айтарлықтай үлес косып келеді. Бүгін ақынның алпыс жасқа тоуына орай оның бір топ өлеғдерін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
Аңсау (Соғыс зардабынан жесір қалған жең гелеріме арнаймын). Келді тағы майдың гүлді мейрамы, Еқбек басы ырыс жолы, ер бағы. Ел байлығы, болашақтың қорына, Мейірленіп, бусанғандай жер-дағы. Маған-дағы күн қарайды күлімдей, Бейбіт күннің майындағы гүліндей. Ұл мен қызым орын тауып өмірден, Өтті жылдар сенің жоғың білінбей. Бірақ, саған жүректегі от сөнбеген, Өзің үшін жамандыққа көнбегем. Немерелер әсімінді жаңғыртып, Өксуімді солар менің емдеген. Әлі күнге түске енесің өнімдей, Жаздың жасыл жадыраған көгіндей, Мен тілеймін адамзаттың шаттығы, Арнасында тұрса екен деп төгілмей.
Өмір Қандай өмір, оттай лаулап жанбасан. Қандай өмір, болашаққа нанбасан. Қандай өмір, заманыңа сай болып, Қиындыққа қарсы адымдай алмасаң. Қандай өмір, Отаныңды сүймесең, Қандай өмір, көкірекке ой түймесең. Қандай өмір, ел басына күн туса, Қолға жебе, үске сауыт кимесең. Қандай өмір, білмегенде елінді Касарыста буа алмасаң белңді Қандай өмір, оң-солында айыра алмай, Қарындас пен қоса алмасаң келінді. Қандай өмір, досқа көнілің толмаса, Қандай өмір, сүйген жарың болмаса. Қандай өмір, нашар болса ұл-кызың, Өмір емес көрген күнің далбаса.
Кіммін? Мен барға бармын. Жоққа жоқпын. Адал ниет. Ақ көніл. Жылу шашқан манына Қайыңнан кызыл шоқпын. Мен байлығымен елімнің, еңбегімен ерімнің Көркіменен жерімнін Қолда барға тоқпын. Мен барға бармын, Жоққа жоқпын. Мен ермін елін сүйген, жусанды, бетегелі жерін сүйген, айдынды жарқыраған көлін сүйген. Халқыма жылу отпын. Мен достыкка ғашықпын, қол беріп, бас нетін, зұлымдықтан қашықпын. Елім берген қасиетім. Ұраным бейбітшілік, Ата-анам, ел сүйетін. Қанқұмарға жоқпын. Мен кіммін? Барға бар, Жоққа жоқпын. Халкым баптан қайраған, Өткірмін алмас найзадан. Ленин содан таймаған. Жанмын содан таймаған. Отанымның данқы үшін, Бостандық, бақыт салты үшін, Тыныштық бұзар жау болса, Атылар соған оқпын.
Әрбір істің белгісі Араласпай, көріспей, Ағайынды адамдар, Кездескенде бір-бірін Айын тағып жамандар, Жамандықтың белгісі. Аяқталмас әр ісі, Ықылассыз басталған. Байыптамай мәнісін, Қабаған иттей бас салған Надандықтың белгісі. Жан кадірін білмейтін, Адалдық жоқ ісінде Затсыздықтың белгісі. Өзә жатып жығылып, Сүрінгенді табалар, Бетіне қарап жымиып Өсек тасып аралар Арсыздықтын белгісі. Барын тығып, жасырын, Өзін-озі ұрлаған, Пайда көрсе бас ұрып, Кісілігін қорлаған Сараңдықтың белгісі. Өмірде көрсек сараңдық, Дейміз оны жамандық, Негізіне көз салсақ, Сараңдық деген надандық.
*** Ердің ісі оңалмас, Береке, бақ тоқтаса. Семьядан сән кетер, Ортақ пікір таппаса. Екі абысын сыя алмас, Бир-біріне жақпаса. Малдың басы құралмас, Кезінде карап, бақпаса. Жан қадірін сезінер, Тірі оліні жоқтаса.
*** Жақсыменен жанасу, Шуақты, жайлы күнмен тең. Жаманмен өтке уақыт, Күзгі салқын түнмен тең. 15 мая 1987 года |
« Пред. | След. » |
---|
Главная |
Костанайская область |
Новости |
Старая газета |
Костанайский футбол |
Творчество |
Ссылки |
Контакты |
Карта сайта |
15 марта, 2025 @11:05 : Алексей Бибин ... by arman |
15 марта, 2025 @11:04 : 1987 год. Б.Жагаутдинов, В.Лесничий, В.Хрептик и А ... by arman |
15 марта, 2025 @11:02 : 1987 год. Куантай Муканов. Совхоз «Бестауский». Фо ... by arman |
15 марта, 2025 @11:01 : Секретарь парткома хозяйства Александр Иванович Ра ... by arman |
15 марта, 2025 @10:58 : Кайрат Ещанов, Джангильды Хамитбеков, Жанабай Абдр ... by arman |
Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис, Михаил Черняев