Стихотворения К. Тажмакина (на казахском языке) |
![]() |
![]() |
Автор Administrator | |
27.07.2015 г. | |
1991 год
Ана тілім Тілім пірім, қасиетім, байлағым, Меңгерткізген ғалым, өнер байлағын. Тілім мені жер жүзіне танытқан, Тілімменен дүниеде барлығым. Жетсе даусым адамзаттың бәріне, Айтар едім жасына да, кәріге. Жер бетінде қазақ деген халық бар, Қөңіліне сыйғандайсың бәрін де. Тік тұрады кездескенде дос-дархан, Ат үстінде сойылы мен кыл арқан. Ең кымбатты дүниесі олардың, Мейманына жайылатын дастархан, Сусындаңдар дер едім мен бәріңе, Төрлеңіздер шәйі көрпе төріне. Дәл өзінің қөңіліндей даласы, Шығыңыздар аскаралы өріне. Шуақты күн, самал желді жазы бар Сүйгеніне тенеуі жок назы бар. Өшірілмес өткен ізін тарихтан, Ғасырлардың қатпарынан табылар. Тілім – пірім, адамшылық касиет Ұлтым менің ұлыларға бас иед. «Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ» - деп қазақ, Тоғытады тіл арқалы ақ ниет. Қауез Тәжімакин 18 тамыз, 1990 ж. Қазақ салты Қаз едік қатар ұшып қанқалдаған, Сахара көлге қонып салқандаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болдық, Не қалды тәнімізде шарпылмаған. Алаштың адамының бәрі мәлім, Кім қалды тәразыға тартылмаған? Дегендер: мен жақсымын толып жатыр, Жақсалық өз басынан артыпмаған. Тыхылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп, Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған. Бос белбеу, босаң туған бозбала көп, Киіздей шала басып қарпылмаған. Еқкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп, Телміріп бір тойғанын ар қылмаған, Ақкеңіл, алаң-бұлаң адамдар көп, Есептеп азын көпке аңқылдаған. Қайырсыз неше сараң байлар да бар, Қайықтай толқындағы қалтылдаған. Бәрінен тыныш ұйықтап жатқаидар көп, Ұмтылып, талап ойлап талпынбаған. Солардың қатарында біз де жүрміз, Мәз болып құр түймеге жалтылдаған. Не пайла өнерің мен біліміңнен. Тиісті жерлеріңе сарп ұрмаған. Бұл бір сөз қасырет етіп хатқа жазған, Қалмаған тук қасиет қазақ азған. Байға мал, ақынға шен мақсат болып, Ойлайтын елдің қамын адам аздан. Ахмет Байтұрсынов
*** Бұл сөздер Ахметтің көз жасындай, Қадыры қалпында тұр еш жасымай. Жетпіс жыл өтседағы жазғынына, Келеміз ілтипатсыз, бас қосылмай. Ұмтылып, атақ, билік, шен, тахытқа, Қөз салмай зымыраған уақытқа. Жармасып бір-бірінің жағасына, Жетердей жақса бірін зор бақытқа. Тартуда бірі ойға, бірі тауға, Билік пен дәреже үшін халқы сауға Неғұрлым жоғарыласа қызметі. Қызықты көру болып дені сауда. Шеккенің ғасыр бойы зорлық азап, Түсінбей келе жатыр қалың қазақ. Арманың Ахметтей асыл жанның, Элі де жүрегімен сезген аз-ақ.
Қанжығалы Бөгенбай асында Үш ғасыр өткеніне асыл ердіқ, Қорғаған қарашықтай туған елің. Атағы жаңғырыққан қарт Бөгембай, Құтқарған қас жаулардан ата жерін. Арманын қазағының арқалаған, Айналдым аруағыңанан батыр бабам. Үді жүз жыл отседағы ерлік ізің, Тоттанбай ұрпақтарға жарқыраған. Қара да, хан да саған сенім артқан, Актадың ел сенімін туспей аттан. Көрініп мың сан қолдай жалғыз өзің Қаһарлы айбатыңнан жауың қашқан. Басуға мысын жаудың жалақтаған, Саңлақты соңына берседағы шапқындарға, Көздерін өзге жұртқа алартпаған. Бөгембай, Қабанбайдай екі батыр, Қол бастап, жауға салған заман ақыр. Тарихтың түгенделсе барлық беті, Таңданып, түгенделсе барлық беті, Таңдалып, тамашалап ұрпақ оқыр. Ұрпағың бас иеді киелі аруақ, Ата жау өзің қуған іргесі аулақ. Сүйегеннен сыйынған мықы болса, Қайырымды қазақ жері қалмас қурап.
Жоғарылаған жолдасқа Ұлтымызға тән мінезі сөзге берік, Көрініп ед жігіттей сүйенерлік. Деп қалдық көптің бірі болып жүр ғой, Қойған соң ұсақ іске бермей ерік. Сол жігіт жоғарылапты алып ерік. Кетіпті бірақ ескі көшке еріп Заманды егеменді елге туған, Ұқпаған ұлт ісіне болмас серік, Бейне бір көк аспанның будақ бұлты, Тұрлаусыз да, тұрақсыз мінез құлқы. Қамқоршысы халқының болмағанның. Кимге керек паспортқа жазған ұлты. Бас болса үлкен іске тұлға болсын, Сағаламай сай-сала, тауға қонсын. Ұшса қанат халқына, қонса – құйрық, Елінің әр ісіне көңілі толсын. Саралап еліндегі азаматын, Жаңғартып тарихтағы қазақ атын. Куйкі өмірдің шырмалай шарбағына, Халқының дәріптесін асыл затын. Құнсыз ғой қолы жеткен дәрежесі, Өзгемен теқелмесе терезесі. Шаңырақ шайқалмайды дауылдарға Уық пен мықты болса керегесі. Қауаз Тәжімақин 18 желтоқсан, 1991 ж |
|
Последнее обновление ( 28.07.2015 г. ) |
« Пред. | След. » |
---|
Главная |
Костанайская область |
Новости |
Старая газета |
Костанайский футбол |
Творчество |
Ссылки |
Контакты |
Карта сайта |
15 марта, 2025 @11:05 : Алексей Бибин ... by arman |
15 марта, 2025 @11:04 : 1987 год. Б.Жагаутдинов, В.Лесничий, В.Хрептик и А ... by arman |
15 марта, 2025 @11:02 : 1987 год. Куантай Муканов. Совхоз «Бестауский». Фо ... by arman |
15 марта, 2025 @11:01 : Секретарь парткома хозяйства Александр Иванович Ра ... by arman |
15 марта, 2025 @10:58 : Кайрат Ещанов, Джангильды Хамитбеков, Жанабай Абдр ... by arman |
Спасибо за материальную поддержку сайта: Johannes Schmidt и Rosalia Schmidt, Елена Мшагская (Тюнина), Виталий Рерих, Денис Перекопный, Владислав Борлис, Михаил Черняев